Әлем футболы

Германия кубогының финалы қашан өтеді

Германия кубогының финалы қашан өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Германия футбол одағы (DFB) ресми сайтында Германия кубогы турниріндегі қалған матчтардың өтетін уақытын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің жартылай финалдық ойындары 9 және 10 маусымда өтеді. Финал 4 шілдеге жоспарланды. Еске сала кетейік, Германия кубогының 1/2 финалында «Бавария» «Айнтрахтқа» қарсы ойнаса, «Саарбрюккен» «Байермен» кездеседі.

Айта кетелік, Германия чемпионаты маусымы 16 мамырда қайта жалғасады. Ол коронавирус пандемиясына байланысты тоқтап қалған болатын. COVID-19 індеті өткен жылдың соңында Қытайда тіркелген. Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде коронавирус инфекциясы 4,2 миллионнан астам адамға жұққан. Оның кесірінен 284 мыңнан астам адам қайтыс болды. Сонымен қатар, жұқтырғандардан 1,5 миллионнан астам адам емделіп шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер