Әлем футболы

Месси Аргентина ауруханаларына қомақты қаржы аударды

Месси Аргентина ауруханаларына қомақты қаржы аударды
news-banner7
mobile-news-top

«Барселона» шабуылшысы Лионель Месси Аргентинада коронавируспен күресу үшін 500 000 еуро бөлді, деп хабарлайды Prosports.kz Championat.com сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ТуС Sports басылымы мәлім еткен. Дереккөздің хабарлауынша, қаражат Аргентинадағы Гаррахан қорына жіберілген, өаржы түгелімен 8 ауруханаға бөлінген. Берілген қаражаттың арқасында ауруханалар өкпені қолдан тыныстандыратын бес аппарат, жеке қорғаныс құралдары, көп параметрлі мониторлар және басқа медициналық жабдықтар сатып алуға мүмкіндік алды.

Коронавирус пандемиясына байланысты көптеген спорттық жарыстар, оның ішінде Испания чемпионаты тоқтап. COVID-19 індеті Қытайда өткен жылдың соңында тіркелген. Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде коронавирус инфекциясы 4,2 миллионнан астам адамға жұққан. Оның кесірінен 284 мыңнан астам адам қайтыс болды. Сонымен қатар, жұқтырғандардан 1,5 миллионнан астам адам емделіп шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер