Әлем футболы

«Реал» футболшылары екі ай үзілістен кейін жаттығуға оралды

«Реал» футболшылары екі ай үзілістен кейін жаттығуға оралды
news-banner7
mobile-news-top

«Реал Мадрид» футболшылары коронавирус пандемисына байланысты үзілістен кейін клуб базасында жаттығуды бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Реалдың» жаттығу базасы наурызда «Реал» баскетболшысы Трей Томпкинсте коронавирус анықталғаннан кейін жабылды.

«Екі айдан кейін команда клуб базасына оралды. Ойыншылар Зинедин Зиданның басшылығымен барлық қажетті санитарлық жағдайларға сәйкес жаттығулар жасайды. Ойыншылар екі топқа бөлініп, алаңның екі бөлігінде жаттығуда», - деп жазылған «Реалдың» хабарламасында.

Испания чемпионаты наурыз айында коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылды. Өткен аптада командаларға жаттығуға оралуға рұқсат етілді. Маусым маусым айында қайта жанданады деп күтілуде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер