Басқа

Батырбек Есдәулетов: Жаттығу жиынына бірінші нөмірлі спортшыларды шақырамыз

Батырбек Есдәулетов: Жаттығу жиынына бірінші нөмірлі спортшыларды шақырамыз
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін, 11 мамыр күні елімізде коронавирус індетіне байланысты жарияланған төтенше жағдай режимі тоқтатылды. Осыған орай, олимпиадалық спорт түрлерінен қазақстандық командалар біраз үзілістен соң жаттығуға қайта оралады.

Таеквондодан Қазақстан командасы жаттығу жиынын 25 мамырда бастауда жоспарлап отыр. Бұл туралы аға жаттықтырушы Батырбек Есдәулетов мәлімдеді.

- Наурыз айынан бері спортшылар жаттығуды тек үйде өткізді. Енді мамыр айының 25-ші жұлдызында команда мүшелерін қайтадан жинаймыз деген жоспар бар. "Ақбұлақ" кешеніндегі жиынға тек бірінші нөмірлі таеквондошыларды шақырамыз. Тек қыздар арасында екінші нөмірлі спортшылар болуы мүмкін. Өйткені, Жансель Денизге бірге жаттығатын спаррингтік қарсылас керек. Вирустан сақтану үшін барлық қадамға барамыз, өйткені, команда мүшелерінің денсаулығы бір үшін бірінші орында. Дәрігеріміз бәрін бақылауда ұстайды. Ал халықаралық жарыстарға қатысты қандай да бір ақпарат жоқ. Жарыс күнтезбесі туралы әлемдік федерация мәлімдеме жасамады, - дейді аға жаттықтырушы.

Айта кетелік, Қазақстанда төтенше жағдай режимі 15 наурызда енгізілген болатын.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер