Бокс

Мохамед Әлидің бұрынғы бапкері коронавирустан қайтыс болды

Мохамед Әлидің бұрынғы бапкері коронавирустан қайтыс болды
news-banner7
mobile-news-top

Аты аңызға айналған Мохамед Әлидің бұрынғы жаттықтырушысы және жартылай ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Майкл Спинкстің экс-катмені Джимми Гленн 89 жасында коронавирус инфекцияның кесірінен қайтыс болды.

.Гленн сәуір айында Нью-Йорктегі ауруханаға жатқызылды, бірақ әйгілі жаттықтырушы вирусқа қарсы тұра алмады. 2012 жылы Нью-Йорктегі Бокс Даңқ Залына енгізілген Гленн әуесқой деңгейде ғана жұдырықтасты. ХХ ғасырдың 70-ші жылдары ол Таймс-скверде өте танымал болған залды ашты. Гленн Холл сонымен қатар бокс әлемінің көптеген танымал тұлғалары қонақ болған Jimmy’s Corner барымен де танымал.

Соңғы жылдары Гленн зейнетте болған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер