Әлем футболы

«Реал» жаңа маусымда ойыншылардың жалақысын 30% төмендетеді

«Реал» жаңа маусымда ойыншылардың жалақысын 30% төмендетеді
news-banner7
mobile-news-top

«Реал Мадрид» футбол клубы 2020/21 жылғы маусымда ойыншылардың жалақысын 30% төмендетуді жоспарлап отыр, деп жазады Prosports.kz.

Бұл шешімге сай, ойыншылар мен клуб басшыларының жалақысы қысқарады. Бірақ 800-ден астам клуб қызметкерінің жалақысы азаймайды.

«Реал» негізгі командадағы ойыншылардың жалақысына бір жылда 283 миллион еуро жұмсайды. Ең жоғары жалақы алатын ойыншылар - қорғаушы Серхио Рамос пен жартылай қорғаушы Гарет Бэйл. Олардың жалақысы алдағы уақытта 14,5 миллионнан 10 млн еуроға дейін қысқаруы мүмкін.

Ал «Барселона» келесі маусымда жалақыға жұмсалатын соманы 230 миллион еуроға қысқартуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Испания чемпионаты наурыз айында коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылған. Осы аптада командаларға жаттығуға оралуға рұқсат етілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер