Әлем футболы

Ибрагимович 11 мамырда Италияға оралады

Ибрагимович 11 мамырда Италияға оралады
news-banner7
mobile-news-top

«Милан» футбол клубының шабуылшысы Златан Ибрагимович дүйсенбі, 11 мамырда Италияға оралады, деп жазады Prosports.kz.

Коронавирусқа байланысты чемпионат тоқтатылғаннан кейін шабуылшы Швецияға қайтқан болатын.

Швецияда індеттің алдын-алу шаралары Италиядағыдай қатаң болмағандықтан, 38 жастағы футболшы өз елінде жаттығу жасады. Италияға оралғаннан кейін ол екі апта карантинде отырады.

Златан Ибрагимович Италияға жеке ұшақпен келіп, әуежайдан бірден үйге жеткізіледі. 14 күннен кейін Ибрагимовичке медициналық тексерістен өтуі керек. Содан кейін ғана шабуылшы командамен бірге жаттығуды бастайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер