Командалық

FIVB Ұлттар лигасын бір жылға шегерді

FIVB Ұлттар лигасын бір жылға шегерді
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық волейбол федерациясы (FIVB) коронавирус індетіне байланысты Ұлттар лигасын өткізбеу туралы шешім қабылдады.

FIVB волейболдан ерлер мен әйелдер арасындағы турнир COVID-19 індеті тудырған дағдарыс әсерінен ұйымдастырылмайтынын мәлімдеген.

Италияның Турин және Қытайдың Нанкин қалаларында ерлер мен әйелдер арасындағы финалдық кезең басталуы тиіс болатын. Халықаралық федерация 2021 аталған қалалар жарысты қайтадан қабылдайтынын жеткізді.

«Ұлттар лигасын өткізудің түрлі нұсқаларын серіктестерімізбен бірге қарастырдық. Алайда, ғаламдық індет кезінде жарыс өткізу мүлде тиімсіз. Бұл ақылға қонбайтын әрі жауапкершілікке жатпайтын әрекет болушы еді. Сол себепті, 2021 жылы өтетін турнирді тарихтағы ең үздік бәсекелер қатарына енгізуге тырысамыз», - деді FIVB президенті Ари Граса.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер