Хоккей

Қазақстан құрамасы виртуалды хоккейден әлем чемпионатында кімге есе жіберді

Қазақстан құрамасы виртуалды хоккейден әлем чемпионатында кімге есе жіберді
news-banner7
mobile-news-top

Түнде хоккейден виртуалды әлем чемпионаты аясында Қазақстан мен Швейцария құрамалары арасында матч өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңімпаз Халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) сайтында дауыс беру арқылы анықталады. Қазақстандықтар 2:5 есебімен жеңілді. Айта кету керек, оған себеп Нұр-Сұлтан уақытына сәйкес дауыс беру таңғы сағат 01.00-де басталуы болса керек.

Еске сала кетейік, соңғы толық құрамдағы шынайы ойында қазақстандықтар әлем чемпионатында швейцариялықтарды 3:2 (Б) есебімен жеңген болатын.

Ал виртуалды В тобына біздің құрамамен бірге Ресей, АҚШ, Финляндия, Швейцария, Латвия, Норвегия және Италия да қатысады.

Қазақстан келесі ойынын бүгін Латвияға қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер