Әлем футболы

Мәскеулік «Спартактың» бұрынғы футболшысы қамауға алынды

Мәскеулік «Спартактың» бұрынғы футболшысы қамауға алынды
news-banner7
mobile-news-top

Мәскеулік «Спартак» клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы Огнен Вукоевичті Загреб полициясы ұстады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Sportske Novosti хабарлағандай, бұрынғы хорват ойыншысы әйелін, оның анасы мен сіңлісін өлтіремін деп қорқытқан.

Оқиға 7 мамырда кешке, Вукоевич мас күйінде үйіне келіп, оларды қорқытқан. Әйелі полицей шақырған. Ал құқық қорғау органдары 36 жастағы спортшыны ұстап, үйіне тінту жүргізген.

Дереккөз Вукоевичке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

Қазіргі уақытта экс-футболшы жергілікті прокуратураның алдын ала қамауға алу туралы шешімін күтуде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер