Әлем футболы

«Барселона» ойыншысы жаттығу бастала салысымен жарақат алып қалды

«Барселона» ойыншысы жаттығу бастала салысымен жарақат алып қалды
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін, 9 мамырда «Барселона» команда қорғаушысы Самуэль Юмтити жарақат алып қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

26 жастағы француздың оң аяғының жарақаттанғаны атап өтілген. Қашан жазылып шығатыны жайлы мағлұмат жоқ. «Барселона» жұмада жаттығу жұмыстарын базада жеке форматта бастады. Бүгін екінші жаттығу күні өтті.

Еске салайық, Испания чемпионаты және басқа турнирлер наурыз айында коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер