Басқа

Құзға өрмелеу спортынан әлем кубогының екі кезеңі кейінге қалды

news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық спорттық құзға өрмелеу федерациясы Covid-19 індетінің өршуіне байланысты Швейцариядағы әлем кубогінің кезеңдерін кейінге қалдырды, деп хабарлайды Prospors.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Меирингендегі әлем кубогінің кезеңі бастапқыда 3-4 сәуірде, Вилларседегі кезең 2-4 шілдеде өтуге тиіс еді. Аталған додалардың уақтылы өткізілмеуіне Швейцария үкіметінің төтенше жағдай кезіндегі қабылдаған шешімі себеп болған. Үкімет шешімі бойынша, қазір елде тұрғындарға тек 8 маусымнан бастап 5 адамнан көп болып жүруге рұқсат берілген. Сонымен қатар, спорттық іс-шаралар көрерменсіз өтуі керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер