ММА

МакГрегор UFC рейтингіндегі жағдайына наразы

МакГрегор UFC рейтингіндегі жағдайына наразы
news-banner7
mobile-news-top

Абсолютті жекпе-жектің (UFC) екі салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор ұйымның рейтингінде өзңнңң бұрынғы қарсыласы Дастин Порьенің алда тұрғанына риза емес, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ол «бұршақ» рейтингте қалайша менің алдымда болуы керек? Мен оны 90 секундта жеңдім. Мен соңғы қарсыласпен шыққанда да, жеңісті тойладым. Жігіттер, сендер біртүрлі ойын ойнап отырсыңдар. Мен қазір әліптің артын баға тұрамын. Сендер бәрің үй-күйсіз қаңғыбассыңдар», - деп жазды МакГрегор әлеуметтік желіде.

Айта кетелік, жеңіл салмақтағы UFC чемпионы - ресейлік Хабиб Нурмагомедов болса. Америкалық Тони Фергюсон - бірінші, оның отандасы Дастин Порье- екінші орынға жайғасқан. Конор МакГрегор үздік үштікті қорытындылап тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер