Басқа

Көркем гимнастикадан жеті ірі турнирдің өткізілу уақыты өзгерген

Көркем гимнастикадан  жеті ірі турнирдің өткізілу уақыты өзгерген
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық гимнастика федерациясы коронавирус пандемиясына байланысты спорттық күнтізбеге өзгерістер енгізуде. Olympic.kz назарларыңызға көркем гимнастика бойынша жаңартылған жарыс кестесін назарларыңызға ұсынады.

Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) сәуір айында өтеті әлем кубогінің төрт кезеңін кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, Италия, Болгария, Әзірбайжан мен Өзбекстан елдерінде өтуі тиіс әлем кубогінің кезеңдері белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды. World Challenge Cups аясында жоспарланған төрт жарыс та өткізілмеді. FIG оларды өткізбеуді жоққа шығарып, жағдайға байланысты алдағы уақытта реттейтінін жасырмады. Ал Португалия, Румыния, Беларуссия мен Ресейде өтетін FIG жарыстарының өткізілетін мерзімі кейін хабарланады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер