«Қайрат» медицина қызметкерлеріне қорғаныс костюмдерін алып берді

«Қайрат» медицина қызметкерлеріне қорғаныс костюмдерін алып берді
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» футбол клубы коронавирус пандемиясы кезінде жатақханада тұрып жатқан медицина қызметкерлеріне қорғаныс костюмдерін сатып алды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы осы костюмдерді тігетін Salta дүкенінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қайырымдылық акциясының алғашқы партиясы дайын. Үлкен ризашылықпен біз құрметті медицина қызметкерлерінің қолына қорғаныш костюмдерін табыстаймыз. Біздің өміріміз үшін күресіп жатқан құрметті ержүрек дәрігерлер, өздеріңізге қамқор болыңыз», - деп жазды дүкеннің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар қайырымдылық акциясын ұйымдастырған «Қайрат» футбол клубы екенін атап өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер