Хоккей

Олимпиадалық квалификациялық кезеңнің финалы 2021 жылға шегерілді

Олимпиадалық квалификациялық кезеңнің финалы 2021 жылға шегерілді
news-banner7
mobile-news-top

Хоккейден олимпиадалық квалификациялық турнирдің финалдық кезеңі 2021 жылдың тамыз айына шегерілді.

Мұндай шешім Халықаралық хоккей федерациясының кезекті телефон конференциясында қабылданды. Олимпиадаға 3 жолдама үшін 12 команда үш топқа бөлінген.

"D" тобында Словакия, Беларусь, Австрия мен Польша, "E" тобында - Латвия, Франция, Италия мен Венгрия, "F" тобында - Норвегия, Дания, Оңтүстік Корея мен Словения командалары өзара бақ сынауда.

Айта кетерлігі, Қазақстан ұлттық құрама командасы Польшадан 2:3 есебімен жеңіліп, квалификациялық кезеңнің финалынан тыс қалған болатын.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер