Әлем футболы

Германия чемпионаты қайта жалғасады

Германия чемпионаты қайта жалғасады
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Германия чемпионаты мамыр айының ортасында қайта жалғасады. Коронавирус пандемиясына байланысты Бундеслига ойындары кейінге шегерілген болатын.

Бундеслига басшылығы Еуропадағы жетекші саналатын ұлттық футбол лигалары арасында бірінші болып чемпионатты қайта жалғастыруға көңіл бөліп отыр. Неміс футбол лигасы (DFL) бұдан бұрын барлық ойыншыға инфекцияға байланысты тұрақты тексеру жүргізілетінін жариялаған еді. Сондай-ақ, алдағы ойындар әзірге жанкүйерсіз өтеді.

Естеріңізге сала кетелік, Бундеслигада соңғы 25-тур ойындары 8 наурызда өтті. Қазір турнир кестесінде «Бавария» 55 ұпаймен көш бастап тұр. Одан кейінгі орындардағы «Боруссия» (Дортмунд) клубында - 51, «Лейпцигте» - 50 ұпайдан бар.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер