Әлем футболы

Италиялық «Сампдория» клубының үш ойыншысы коронавирус жұқтырып алды

Италиялық «Сампдория» клубының үш ойыншысы коронавирус жұқтырып алды
news-banner7
mobile-news-top

Италиялық «Сампдория» клубы команда мүшелерінің бәрін коронавирус сынамасынан өткізді. Бұл жаттығу процесін қайта бастамас бұрын қажет іс-шара саналады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нәтижесінде «Сампдорияның» үш ойыншысы коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұдан бұрын инфекция жұқтырып, жазылып шыққан бір футболшының сынамасы тағы да оң нәтиже көрсеткен.

Төрт ойыншы да карантинге жатқызылады. Дәрігерлер олардың жағдайын үнемі қадағалап отырады.

Бұған дейін «Фиорентина» клубының 6 ойыншысы да коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер