Әлем футболы

«Қайраттың» бұрынғы атақты ойыншысы жанкүйерлерге қандай кино көруге кеңес берді

«Қайраттың» бұрынғы атақты ойыншысы жанкүйерлерге қандай кино көруге кеңес берді
news-banner7
mobile-news-top

Алматылық «Қайрат» пен Ресей құрамасының бұрынғы шабуылшысы Андрей Аршавин карантин кезінде көруге тұрарлық бес фильм ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аршавин мына фильмдерді сүйіп тамашалайды: «Девчата», «Ликвидация», «Нимфоманка», «Нюхач» және «Оттепель» (кинолардың атауын сол қалпында, орысша атауымен беріп отырмыз - автор).

38 жастағы Аршавин - «Зениттің» тәрбиеленушісі. Ол өзінің мәнсабында петерборлық клуб сапында барлық турнирлерде 374 матч өткізіп, 78 гол соқты және 106 нәтижелі пас берді. Сонымен қатар ол «Арсенал», «Кубань» және «Қайрат» командаларында ойнады. Ресей құрамасында 74 матч өткізіп, 17 гол соқты. Андрей Аршавин - Ресейдің үш дүркін чемпионы, Премьер-лига кубогының жеңімпазы, Қазақстан Кубогының екі дүркін жеңімпазы, Ресей Суперкубогының иегері, Қазақстан Суперкубогының иегері, УЕФА кубогының иегері, УЕФА Суперкубогының иегері.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер