Клозе - «Бавария» футбол клубының жаттықтырушысы
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызӘлем чемпионаты тарихындағы ең үздік сұрмерген Мирослав Клозе «Бавария» футбол клубының бапкерлер штабына қосылды, деп жазады Prosports.kz.
Ол енді бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарады. Клозе жаңа қызметіне 1 шілдеден бастап кіріседі. Келісімшарт 2021 жылға дейін жасалған.
Қазіргі уақытта 41 жастағы маман «Бавария» жастар командасының бас жаттықтырушысы қызметін атқарып жүр.