Басқа

Ольга Довгун: Карантиннен кейінгі алғашқы жаттығу мамыр айының соңында өтеді

Ольга Довгун: Карантиннен кейінгі алғашқы жаттығу мамыр айының соңында өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев инфекцияның қарқыны төмендесе, 11 мамырдан бастап карантин режимі алынатынын мәлімдеді.

Елдегі төтенше жағдай аяқталса, спортшылардың жаттығу жиынын өткізуге де мүмкіндік тумақ. Нысана көздеуден Қазақстан командасының бас бапкері Ольга Довгун карантиннен кейінгі дайындық кезеңінде қандай өзгерістер болатынын айтты.

«Біздің команда мүшелері карантин кезінде барлық ережені толығымен сақтады. Сол себепті, олардың денсаулығында мін жоқ деп ойлаймын. Оның үстіне, карантин уақытында спортшылар жаттығуды үзген жоқ. Жалпы дене жаттығуынан бөлек, менің ұсынысым бойынша аутогенді жаттығулар өткізілді. Яғни, төзімділікті арттыру үшін қарусыз дайындық жасалды.

Әзірге мамырдың соңы немесе маусымның басында орта тау деңгейінде оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырамыз деген жоспарымыз бар. Содан соң қарумен жаттыға бастаймыз. Техникалық қателіктерге жол бермеу үшін бастапқыда оқсыз жаттығатын шығармыз», - дейді бас бапкер.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер