Әлем футболы

«Ювентус» Маурицио Сарридің «сүйікті ойыншысын» сатып алады

«Ювентус» Маурицио Сарридің «сүйікті ойыншысын» сатып алады
news-banner7
mobile-news-top

«Ювентус» футбол клубы «Челсидің» жартылай қорғаушысы Жоржиньоны қатарға қосуға ниетті, деп жазады Prosports.kz.

Шетелдік басылымдардың хабарлауынша, туриндік команданың бас бапкері Маурицио Сарри өзінің бұрынғы шәкіртімен қайта істестік орнатуға құлшынып отырған көрінеді.

Жоржиньо Сарридің сүйікті ойыншыларының бірі. Сарри «Наполиді» баптаған кезде Жоржиньо да сонда өнер көрсеткен. Кейін Сарри «Челсидің» тізгінін ұстағанда, Жоржиньоны өзімен бірге Лондонға ертіп кетті.

Жоржиньо «Челсиден» кетуге қарсы емес. Лондондық клуб 28 жастағы футболшы үшін 35 млн еуро сұрап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер