«Қайрат» алматылықтарға азық-түлік жеткізіп берді

«Қайрат» алматылықтарға азық-түлік жеткізіп берді
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» футбол клубы коронавирус пандемиясы кезінде зардап шеккен Алатау ауданының тұрғындарына азық-түлік пакеттерін жеткізді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы клуб инстаграм желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.

Қайырымдылық шарасына «Қайрат» футбол клубының негізгі командасы мен «Қайрат-Жастар» командасының ойыншылары қатысып, азық-түлік себеттерін үлестіруге қатысты.

Айта кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты елімізде спорттық іс-шаралар толық тоқтатылды. Карантин режимі 11 мамырға дейін ұзартылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер