Басқа

5 жасар қарағандылық бүлдіршін кеудені жерден көтеруден әлем рекордын жасағысы келеді

5 жасар қарағандылық бүлдіршін кеудені жерден көтеруден әлем рекордын жасағысы келеді
news-banner7
mobile-news-top

Бес жасар қарағандылық Надир Дайрабаев кеудені жерден көтеруден әлем рекордын орнатқысы келеді, деп хабарлайды Prosports.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Ол үшін 4500 рет көтеріліп, тұру керек. Қазір ол бұл жаттығуды 1200-ге жеткізді. Айта кетейік, Надир спортпен бір жыл бұрын айналыса бастаған.

«Мен Геннадий Головкин сияқты бокстан және кеудені жерден көтеруден әлем чемпионы болғым келеді», - дейді жас спортшы.

«Басында біз денсаулығына зиян болар деп қорқатынбыз. Қазір бәрі жақсы. Оған ұнайды. Ең бастысы - денсаулық. Оның мақсаты айқын. Өзі таңдасын. Ол Олимпиада чемпионы болады деп сенемін», - деді баланың анасы Екатерина Дайрабаева.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер