Әлем футболы

«Заң бәріне ортақ». «Тоттенхэмнің» үздік ойыншысы әскерде жүр

«Заң бәріне ортақ». «Тоттенхэмнің» үздік ойыншысы әскерде жүр
news-banner7
mobile-news-top

Британиялық Mirror басылымы «Тоттенхэм» шабуылшысы Сон Хын Миннің Оңтүстік Корея әскері сапында жүрген суретін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футболшы фотоға әскери киім киіп, қолына мылтық ұстап тұрған күйінде түсірілген.

Еске сала кетелік, Сон Оңтүстік Корея армиясында әскери борышын өтеуге шақырылған.

Мұнда әскерде қызмет ету 21 айға созылады, алайда Сонның ұлттық құрамадағы жетістіктеріне оны қысқа мерзімге шақырған.

Осы маусымда футболшы 32 матчқа қатысып, 16 голдың авторы атанды және 10 нәтижелі пас берген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер