Хоккей

Хоккейден Олимпиадаға іріктеу турнирі келесі жылға қалды

news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық хоккей федерациясының ресми сайты хабарлағандай, oлимпиадалық іріктеу турнирінің ақтық кезеңі 2021 жылдың тамызына ауыстырылды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл шешімді сәрсенбіде IIHF кеңесі конференция барысында қабылдады. Олимпиадаға үш жолдамаға үш топқа бөлінген 12 команда таласады. D тобында Словакия, Беларусь, Аустрия және Польша, Е тобында - Латвия, Франция, Италия және Венгрия, F тобында - Норвегия, Дания, Оңтүстік Корея және Словения ойнайды.

Еске сала кетейік, Польшадан 2: 3 есебімен жеңіліп қалған Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінің соңғы кезеңіне өте алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер