А сериясының тағы бір футболшысы коронавирус жұқтырып алды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Торино» командасы ойыншыларының бірі коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.
Ойыншының аты-жөні хабарланбаған. Оның тек карантинде екендігі ғана белгілі.
Италияда 4 мамырдан бастап жеке футбол жаттығуларына рұқсат етіледі. Командалық жаттығулар 18 мамырдан басталмақ.
Ал, жалпы, бұл елде 214 457 жұқтыру оқиғасы тіркелген. 29 684 адам қайтыс болды, 93 245 - емделіп шықты.