Басқа

Халықаралық садақ ату федерациясы спортшыларға қаржылай көрсетеді

Халықаралық садақ ату федерациясы спортшыларға қаржылай көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық садақ ату федерациясы (World Archery) спортты дамыту қорымен бірлесе отырып, коронавирус індеті кезінде табысынан айырылған спортшыларға қаржылай қолдау көрсетеді. Бұл туралы федерацияның ресми сайтында жарияланды.

Вирус кезіндегі қаржылай көмекті алуға жасы 18-ден асқан, 2018 немесе 2019 жылдары өткен әлем чемпионаты, әлем кубогі немесе паралимпиадашылар арасындағы әлем біріншілігіне қатысқан спортшылар өтінім бере алады.

Үміткерлер індет кезінде табысының айтарлықтай төмендегенін дәлелдеуі тиіс. Ал бір гранттың құны 7500 долларға тең.

Айта кетелік, әлемдік федерация садақ атудан өтетін халықаралық жарыстарды 31 тамызға дейін тоқтатты.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер