Бокс

Қазақстандық боксшы АҚШ-та жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы АҚШ-та жекпе-жек өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Николай Шваб (3-0, 2 КО) келесі жекпе-жегін шілде айында өткізеді, деп жазады Prosports.kz сайты.

Отандасымыздың 14 наурыз күнгі Атлантадағы бокс кешіндегі америкалық Демариус Дайверге қарсы жекпе-жегі коронавирустың кесірінен өтпей қалған еді. Николай Шваб ендігі жекпе-жегін 11 шілде күні АҚШ-тың Сент-Аугустин қаласында өткізеді.

Айта кетейік, Николай Шваб өзінің соңғы жекпе-жегін 8 ақпанда Дейтона Бичте (Флорида, АҚШ) өткізді. Ол кезде жергілікті боксшы Том Миллсті (1-12, 1 КО) бірінші раундта жеңген болатын.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер