Әлем футболы

Мансабын аяқтаған Роббен футболға оралуы мүмкін

Мансабын аяқтаған Роббен футболға оралуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Бразилиялық «Ботафаго» мансабын аяқтаған Арьен Роббенге ұсыныс жасады.

– Роббенмен сөйлесіп, оған ұсыныс жасадық. Ол ұзақ уақыт ойнамады. Сондықтан қиындықтардың туындауы заңдылық. Егер мансабын бізде жалғастыруды шешсе, басқа жаққа қарағанда төрт есе көп табыс табады, - деді клубтың вице-президенті Рикардо Ротенберг.

Айта кетейік, Арьен Роббен мансабын 2018/19 жылғы маусымнан соң аяқтаған болатын. Мансабында ол «Бавария», «Гронинген», «ПСВ», «Челси» және «Реал Мадрид» секілді командаларда өнер көрсетті.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер