ММА

Абдулманап Нурмагомедов шұғыл түрде Мәскеудегі ауруханаға жеткізілді

Абдулманап Нурмагомедов шұғыл түрде Мәскеудегі ауруханаға жеткізілді
news-banner7
mobile-news-top

Абдулманап Нурмагомедов арнайы бортпен Мәскеу ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Дағыстан» РИА-ның хабарлауынша, танымал MMA жаттықтырушысы Абдулманап Нурмагомедов шұғыл түрде Мәскеудегі ауруханалардың біріне жеткізілген. Махачкалалық бапкер Ресей астанасына 3 мамырда арнайы бортпен әкелінді.

«Бірнеше күн бұрын мен Абдулманаппен сөйлестім. Оның (Абдулманаптың) айтуынша, бәрі жақсы деген, ол біртіндеп сауығып келе жатқанын айтты. Ал 3 мамырда оның жақын туысы маған қоңырау шалып, кенеттен оың өзін нашар сезінгенін және оны арнайы Мәскеуге алып кеткенін айтты. Менің ойымша, жүрегі промлема болып тұр», - деді агенттік тілшісі, Нурмагомедовтар отбасының жақын досы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер