Командалық

Сабина Алтынбекова «Әл-Васл» командасымен қош айтысты

 Сабина Алтынбекова «Әл-Васл» командасымен қош айтысты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова Біріккен Араб Әмірлігінің «Әл-Васл» командасынан кетті.

Сабина Алтынбекова Instagram-парақшасында маусымды қорытып, командасымен қош айтысты:

– Маусым соңына жетпесе де керемет өтті деуге толық негіз бар. Шамсе шейхіне, жаттықтырушыларға, Ибтисам менеджерге, «Әл-Васл» командасына, жүргізушіге және досым Зубайраға алғысымды айтамын.

Олар мені жылы қарсы салып, қолдау көрсетті. «Әл-Васл» командасы мәңгі жүрегімде қалады.

Қазақстандық волейболшы «Әл-Васл» командасының сапына желтоқсан айында қосылып, жарты жылға жуық уақыт ойнады.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер