Грек-рим күресі

Бақтияр Байсейітов Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысты пікірімен бөлісті

Бақтияр Байсейітов Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысты пікірімен бөлісті
news-banner7
mobile-news-top

Грек-рим күресінің бас бапкері Бақтияр Байсейітов Олимпиадағы іріктеу турниріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz порталы ҚР ҰОК-не сілтеме жасап.

«Коронавирус індетіне байланысты биылғы көктемде өтуі тиіс іріктеу айналымдары шегеріліп, кейін Токио Олимпиадасы да келесі жылға ауыстырылды. Осыған орай, күрес түрлерінен өтетін аймақтық іріктеу турнирлері туралы мәселенің басы ашық тұрған. Жақында әлемдік ұйым іріктеу бәсекелері өтетін қалаларды анықтады. Нақтылап айтар болсақ, індет басталғанға дейін жарысты қабылдайтын қалалардың турнирді өткізу құқығы өз күшінде қалды. Шынымды айтсам, жарыс қайда өтсе де бізге айтарлықтай қиындық болмайды. Төрт салмақ дәрежесінде жолдамамыз жоқ. Біздің басты міндетіміз — төрт салмақта лицензия алу үшін бар күшімізді салу. Сондықтан, карантин мерзімі аяқталған соң жаттығу жиындарын бастап, дайындықты жалғастырамыз. Спортшылар үшін қиынға соққан бұл мерзім де аяқталуға жақын. Балуандардың барлығы да үй жағдайында жаттығуды тоқтатқан жоқ. Бәрін онлайн түрде өзім жіті қадағалап отырдым. Бізге жетпей тұрғаны — кілемдегі белдесулер. Жиын басталарда вирустың алдын алу үшін барлық сақтық шараларын қолданамыз. Федерация мен ҰОК дәрігерлерінің нұсқауын түгел орындайтын боламыз»», — дейді Байсейітов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер