Футбол

АПЛ клубтары жанкүйерлер әлеуметтік қашықтық ережелерін бұзады деп қорқады

АПЛ клубтары жанкүйерлер әлеуметтік қашықтық ережелерін бұзады деп қорқады
news-banner7
mobile-news-top

Англия чемпионатының он клубы маусымның бейтарап стадиондарда қайта басталуы кезінде әлеуметтік қашықтықты жанкүйерлердің бұзуы мүмкін екендігіне алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Кейбір клубтар матч кезінде жанкүйерлер стадиондардың жанына үлкен топтарға жиналып, әлеуметтік қашықтық ережелерін бұзады деп санайды.

Сондықтан, Премьер-Лига көп жиналу қаупін азайту үшін халық тығыз қоныстанған аудандардан тыс ареналарды таңдайды. Сонымен қатар, жанкүйерлерге спорт алаңының аумағында пайда болса, матчтар дереу тоқтатылатындығы ескертіледі.

Еске салайық, Англия чемпионаты коронавирусқа байланысты 13 наурызда белгісіз мерзімге тоқтатылған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер