Хоккей

Қазақстан чемпионы бас бапкерімен қоштасты

Қазақстан чемпионы бас бапкерімен қоштасты
news-banner7
mobile-news-top

Словакиялық маман Душан Грегор «Арлан» хоккей клубының бас бапкері қызметінен кетті, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Shayba.kz порталы хабарлады.

58 жастағы бапкер 2019 жылдың мамыр айынан бастап көкшетаулық клубты жаттықтырып жүр. Оның жетекшілігімен команда кезекті рет Қазақстан чемпионатын жеңіп алды.

Грегор 2013/14 жылғы маусымда тағы бір қазақстандық команда «Сарыарқамен» бірге Братина кубогын жеңіп алған болатын.

Айта кетейік, Душан бұдан бөлек, «Адмирал», «Славия», «СХК 37» клубтарын жаттықтырған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер