Хоккей

«Барыс» бас бапкер қызметіне үміткерлердің бірін атады

«Барыс» бас бапкер қызметіне үміткерлердің бірін атады
news-banner7
mobile-news-top

«Барыс» Ари-Пекки Селиннің бас бапкер қызметіне кандидаттардың бірі екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

«Барыс» хоккей клубы бірінші құрамның жаңа бас бапкерін әлі іздеп жатыр. Кандидаттардың бірі - фин маманы Ари-Пекки Селин.

Селин өткен маусымды Финляндияда өткізді, онда Пори қаласының «Эссят» командасын жаттықтырды. Бған дейін 2013/2014 жылғы маусымда «Барысты» баптаған болатын. Оның басшылығымен қазақстандық клуб алғаш рет Чернышев дивизионын жеңіске жетіп, Гагарин кубогы плей-офф кезеңінің екінші кезеңіне шыққан еді», - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.

Еске салайық, сәуірдің аяғында «Барыстың» бас бапкері Андрей Скабелка келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты қызметінен кеткен болатын.

«Барыстың» бұрынғы бас бапкері жаңа қызметке келді

«Барыстың» бұрынғы қақпашысы «Локомотивке» ауысады

26 ойыншының «Барыспен» келісімшарт мерзімі аяқталды

«Барысқа» бапкер болудан үмітті Игорь Уланов кім»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер