Командалық

«Апта сайын бағдарлама өзгереді». «Жетісудің» жаттықтырушысы карантин кезіндегі жаттығу туралы

«Апта сайын бағдарлама өзгереді». «Жетісудің» жаттықтырушысы карантин кезіндегі жаттығу туралы
news-banner7
mobile-news-top

«Жетісу» волейбол командасының бас бапкері Бурханхан Жанболат команданың карантин кезіндегі дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz Қазақстан волейбол федерациясына сілтеме жасап.

«Қазір біздің дене шынықтыру маманы бізге күн сайын жаттығу бағдарламасын жібереді. Ойыншылар үйде онлайн режимінде жаттығулар жасайды. Әр апта сайын бағдарлама өзгереді. Секіру, іштегі бұлшықеттерді өңдеуге арналған сынды жаттығулар жасайды. Әрине, бұл жаттығулар тек тұрақтылықты сақтауға арналған. Оқу-жаттығу жиыны басталған кезде тыңғылықты дайындық басталады. Оған қоса салмақты қатаң бақылауға аламыз. Ойыншылар апта сайын өлшенеді. Артық салмақ қосқандар үшін жаза, тіпті айыппұл да ба. Бірақ олар ойын формасын сақтау өз мүддесі үшін екенін түсінеді», – дейді бас бапкер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер