Футбол

France Football Чемпиондар лигасы тарихындағы ең әдемі голды таңдады

France Football Чемпиондар лигасы тарихындағы ең әдемі голды таңдады
news-banner7
mobile-news-top

Франциялық France Football басылымы 1992 мен 2020 жылдар аралығындағы Чемпиондар лигасы тарихында салынған ең әдемі голдар тізімін жасады, деп хабарлайды Prosports.kz

2002 жылғы "Реал" сапындағы Зинедин Зиданның леверкузендік "Байер" қақпасына (2:1) салған голы ең мықты деп мойындалды.

Рейтингтің топ-10 тізімі төмендегідей:

1. Зинедин Зидан, "Реал" ("Байер" қақпасына, 2002 жылы финалда);

2. Мауро Брессан, "Фиорентина" ("Барселонаға" 1999 жылы);

3. Криштиану Роналду, "Реал" ("Ювентуске" 2018 жылы);

4. Деян Станкович, "Интер" ("Шалькеге" 2011 жылы);

5. Филипп Мексес, "Милан" ("Андерлехтке" 2012 жылы);

6. Гарет Бэйл, "Реал" ("Ливерпульге" 2018 жылы);

7. Майкл Эссьен, "Челси" ("Барселонаға" 2009 жылы);

8. Марио Манджукич, "Ювентус" ("Реалға" 2017 жылы);

9. Роналдиньо, "Барселона" ("Челсиге" 2005 жылы);

10. Аарон Рэмзи, "Арсенал" ("Галатасарайға" 2014 жылы).

Айта кетейік, рейтингтің топ-50 тізімін France Football сайтынан көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер