Басқа

Халықаралық триатлон одағы індет кезінде жарыс өткізу ережесін өзгертті

Халықаралық триатлон одағы індет кезінде жарыс өткізу ережесін өзгертті
news-banner7
mobile-news-top

Бүкіләлемдік триатлоншылар одағы COVID-19 індетінің алдын алу үшін жарыстарды ұйымдастыру мәселесін қарастырып, жыл соңында қысқартылған маусымды өткізу туралы талқылады.

Атқарушы кеңес мүшелері қашықтықтан өткізілген соңғы отырыста әрбір жарыс кезінде қатысушылардың денсаулығын қадағалап, күнделікті дене қызуын өлшейтін мамандарды жұмысқа белсене кірісуге шақырды. Сондай-ақ, жарыстан тыс іс-шараларда маска және қолғап кию міндетті болмақ.

Сондай-ақ, ұйым мүшелері әлеуметтік қашықтыққа байланысты жарыстағы әрбір мәселе қайта қаралатынын айтты. Бұл кез келген спорт түрі қалыпты жағдайға келу үшін әлі біраз уақыт керектігін көрсетеді.

Ұйым мүшелері қатысушылар өздерін нашар сезінсе және қандай да бір ауру белгісі байқалса, жарыстан мейілінше сырт қалу қажеттігін ескертті.

«Бұл дағдарыстың бізге қатты әсер еткені анық. Осы сәттен бастап барлық жарыс басқаша өтетін болады. Мұның бәрі қатысушылар мен ұйымдастырушылардың, бапкерлер мен жанкүйерлердің және ресми тұлғалардың қауіпсіздігі үшін жасалатынын ұмытпау керек», - деді халықаралық одақ президенті Марисоль Касадо.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер