Бокс

ВИДЕО. Сұлтан Заурбек пен Нұртас Әжбенов бірге жаттығып жүр

ВИДЕО. Сұлтан Заурбек пен Нұртас Әжбенов бірге жаттығып жүр
news-banner7
mobile-news-top

Кәсіби рингте жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшылар Сұлтан Заурбек (9-0, 7 КО) және Нұртас Әжбенов (9-0, 4 КО) карантин жағдайында да алдағы жекпе-жектерге дайындықты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

MTK Kazakhstan компаниясының инстаграмында қос боксшының жаттығуының видеосы жарияланды.

Еске салайық, Сұлтан Заурбек 16 желтоқсанда Алматыда өткен соңғы жекпе-жегінде техникалық нокаутпен қытайлық Ли Лесханды (16-4-2, 9 КО) жеңіп, WBC нұсқасы бойынша жастар арасындағы әлем чемпионы атағын жеңіп алған болатын.

6 наурыз күні Дубайда (БАӘ) Нұртас Әжбенов рингке шығып, бірінші раундта филиппиндік Джей Ара Магбуды (18-5-2, 9 КО) нокаутқа жіберді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер