Хоккей

Рене Фазель: Жаңа маусым уақытында басталады деп сенемін

Рене Фазель: Жаңа маусым уақытында басталады деп сенемін
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық хоккей федерациясының басшысы Рене Фазель коронавирустың таралу қаупіне байланысты карантиннен кейін хоккейдің оралуы туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ұйым басшысы жаңа хоккей маусымы уақытында басталады деп үміттенеді.

«Қазір адамдарға үйде отыру қиын екенін түсінемін. Вирустың жойылып кететініне сенімдімін. Қазір бастысы - билікті тыңдау. Хоккей келесі маусымда яғни күзде қайта оралады деп сенемін. Қазір денсаулықты сақтау өте маңызды», - деді Фазель.

Еске салайық, наурыз айында Халықаралық хоккей федерациясы коронавирус пандемиясына байланысты Швейцарияда 2020 жылғы әлем чемпионатын өткізуден бас тартқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер