Әлем футболы

Бұрынғы бапкер Мессидің мықтылығының сырын айтты

Бұрынғы бапкер Мессидің мықтылығының сырын айтты
news-banner7
mobile-news-top

«Тоттенхэм» футбол клубының бұрынғы бас бапкері Тим Шервуд туа бітті талантты футболшы болады дегенге сенбейтінін айтты, деп жазады Prosports.kz.

- Ешқандай еңбексіз жеңіске жете алатын талант болады дегенге сенбеймін. Мессидің өзі бала күнінде тынбай еңбектенетін. Ауылында жүргенде ағаларының бес жылдық қатаң тәрбиелеуі Мессидің табысқа жетуіне себеп болды.

Жетістік еңбек етумен, үйренумен келеді. Әсте тек тума талантпен биікті бағындыра алмайсың.

Құлшыныс қашан да таланттан маңызды. Егер ойыншының бойында талант пен құлшыныс қатар болса ғана жетістікке жете алады. Кейбір сарапшылардың тума талант деген сөзімен келісе алмаймын, - дейді Шервуд.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер