Хоккей

IHHF 2020 жылғы әлем чемпионатын ауыстыру туралы ұсынысқа нүкте қойды

IHHF 2020 жылғы әлем чемпионатын ауыстыру туралы ұсынысқа нүкте қойды
news-banner7
mobile-news-top

Шайбалы хоккейден 2020 жылғы әлем чемпионатын өткізбеу туралы шешім қабылданған соң, Швейцария хоккей федерациясы қайтадан өтінім беруден бас тартты. Бұл туралы халықаралық федерациясының ресми сайтында мәлім болды.

Айта кетелік, мамыр айында Швейцарияның Лозанна және Цюрих қалаларында өтуі тиіс әлем біріншілігі коронавирус індетіне байланысты жоспардан алынды. Бүгінде швейцариялықтар экономикалық шығынның артатынын алға тарта отырып, әлемдік доданы 2021 жылы өз елінде өткізу туралы ұсыныстан бас тартты.

2021 жылғы әлем біріншілігі жоспар бойынша Беларусь елінде өтеді.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер