Басқа

Карлсен мен Накамура шахматтан онлайн-супертурнир финалына шықты

Карлсен мен Накамура шахматтан онлайн-супертурнир финалына шықты
news-banner7
mobile-news-top

Әлем чемпионы норвегиялық Магнус Карлсен Magnus Carlsen Invitational супертурнирінің жартылай финалында қытайлық Дин Лижэньді жеңді. Турнир Chess24 сайтында онлайн режимінде өтіп жатыр.

Төрт партия қорытындысы бойынша Карлсен 2,5:1,5 есебімен басым түсті. Бүгін, 3 мамырда ақтық сайыста Карлсен бұған дейін өзге жартылай финалда отандасы Фабиано Каруанудан басым түскен американдық Хикару Накамуромен кездесетін болады.

Ал сегіз шахматшы қатысқан айналымдық турнир қорытындысы бойынша Дин Лижэнь екінші, ал Карлсен үшінші орынды иеленді. Айналымдық турнир матчында Дин Лижэнь 3:1 есебімен Карлсенді жеңді.

Турнирдің жүлделік қоры 250 мың долларды құрайды, жеңімпаз 70 мың долларды еншілейді.

Түпнұсқасы: Inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер