Бокс

Оскар Де Ла Хойя Райан Гарсия мен Линарес арасында жекпе-жек ұйымдастыруды көздеп отыр

Оскар Де Ла Хойя Райан Гарсия мен Линарес арасында жекпе-жек ұйымдастыруды көздеп отыр
news-banner7
mobile-news-top

Golden Boy Promotions компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя АҚШ-тың тәуелсіздік күні 4 шілдеге қарсы бұрынғы әлем чемпионы Хорхе Линареске пен жеңіл салмақтағы Райан Гарсия жекпе-жегін өткізуге ниетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Fightnews.info сайтына сілтеме жасап.

«Мен 4 шілдеде Райан Гарсияның жекпе-жегімен оралуды жоспарлап отырмын. Бұл дата Америка Құрама Штаттары үшін үлкен мереке. Менің мақсатым - жанкүйерлерді және бүкіл әлемді Гарсияның Хорхе Линареске қарсы керемет шайқасымен қуанту.

Бұл үлкен күрес болады, бірақ бәрі біздің әкімге, үкіметімізге байланысты. Әрине, қауіпсіздік бірінші кезекте болатынын білесіздер», – деді Оскар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер