Қысқы

Сынның астына қалған ресейлік екі дүркін әлем чемпионы инстаграмдағы пікірлерін жауып тастады

Сынның астына қалған ресейлік екі дүркін әлем чемпионы инстаграмдағы пікірлерін жауып тастады
news-banner7
mobile-news-top

Әйелдер арасында конькимен сырғанаудан екі дүркін әлем чемпионы, рсесейлік Евгения Медведева инстаграмдағы пікірлерін жауып тастады, деп хабарлайды Prosports.kz Eurosport-қа сілтеме жасап.

Енді ескі пікірлерді оқып, жаңаларын жазу мүмкін емес. Бұл шешім жапондардың сынына байланысты болуы мүмкін.

Еске сала кетейік, жапондық жанкүйерлер Хачиноге қаласында жаттығу жасаған спортшыны карантин режимін бұзды деп айыптады. Жанкүйерлер сонымен бірге Медведевті отанына қайтару үшін Ресейдің Жапониядағы елшілігіне жүгінді.

Медведев - екі дүркін әлем чемпионы (2016, 2017), Әлем Кубогының қола жүлдегері (2019), Еуропаның екі дүркін чемпионы (2016, 2017), Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері (2018), Ресейдің екі дүркін чемпионы (2016, 2017), Ресей чемпионатының қола жүлдегері ( 2015), Гран-при финалының екі дүркін жеңімпазы (2015, 2016) және командалық әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2017).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер