«Маған ешкім хабарласқан жоқ». Давид Лория павлодарлық «Ертістің» спорттық директоры атана ма

«Маған ешкім хабарласқан жоқ». Давид Лория павлодарлық «Ертістің» спорттық директоры атана ма
news-banner7
mobile-news-top

Футболан үш дүркін Қазақстан чемпионы Давид Лория «Sputnik Қазақстанға» берген сұхбатында павлодарлық «Ертіс» клубының спорт директоры қызметіне тағайындалуы туралы қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен бұл туралы сіз сияқты баспасөзден біліп, оқыдым. Маған ешкім хабарласқан жоқ. Соңғы жылдары Павлодарда футболмен ешқандай байланысы жоқ және «Ертістің» не екенін түсінбейтін адамдар жұмыс істейді. Мүмкін сол себепті клуб қиын кезеңдерді бастан кешіріп жатқан шығар», - деп түсіндірді Лория.

Еске сала кетейік, Давид Лория 2010 жылдан 2012 жылға дейін және 2015 жылдан 2017 жылға дейін павлодарлық «Ертіс» қақпашысы болған.

Фото kff.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер