Басқа

Қазақстан мен Армения құрамалары блиц-шахматтан онлайн кездесу өткізеді

Қазақстан мен Армения құрамалары блиц-шахматтан онлайн кездесу өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін, 2 мамырда халықаралық гроссмейстер, Арменияның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ФИДЕ аға жаттықтырушысы Арсен Егиазарянды еске алуға арналған Қазақстан мен Армения ұлттық құрамалары арасындағы блиц-шахмат ойыны онлайн режимінде өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz Chessacademy.kz сайтына сілтеме жасап.

Матч бірден 100 тақтада өтеді. Қатысушылар арасында екі елдің ең үздік шахматшылары, 8 жастан 18 жасқа дейінгі жас шахматшылар, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Армения Ұлттық жиналысының депутаттары бар.

Уақытты бақылау - 3 минут және бір секунд.

Қазақстан құрамасы сапында гроссмейстер Рустам Хуснутдинов, Денис Махнев, Муртас Қажғалиев, Нұртас Ибраев, халықаралық шебер Жансая Әбдімәлік, әйел арасындағы гроссмейстер Бибісара Асаубаева қатысады деп күтіліп отыр.

Армян тарапынан қатысушылардың арасында атақты гроссмейстерлер Карен Григорян, Завен Андриасян, Гайк Мартиросян, Геворг Арутюнян, Элина Даниелян, Анна Саргсян және басқа да танымал шахматшылар бар.

Жиын Нұр-Cұлтан уақытымен 19:00-де басталады.

Фото: chessacademy.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер