Әлем футболы

Бундеслига сақтық шараларын күшейтеді

Бундеслига сақтық шараларын күшейтеді
news-banner7
mobile-news-top

Неміс Бундеслигасы қайта жанданғаннан кейін, қандай шаралар қолданылатыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

The Telegraph басылмының хабарлауынша, ойыншылар алдымен матч алдында қонақүйде түгелдей оқшауланады, олар ойын қарсаңында коронавирус тестінен өтеді.

Сонымен қатар, команда әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін стадионға үш автобуспен жетеді. Сондай-ақ, ойыншылар қол беріп амандаспайды.

Коронавирусты тестілеу аптасына екі рет жасалады. Ойын алдындағы қонақүйлерде тамақ тікелей бөлмеге жеткізіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер