Әлем футболы

«Ювентус» президенті Италия чемпионатын мерзімінен бұрын аяқтауға қарсы шықты

«Ювентус» президенті Италия чемпионатын мерзімінен бұрын аяқтауға қарсы шықты
news-banner7
mobile-news-top

«Ювентус» президенті Андреа Аньелли клубтың мерзімінен бұрын А сериясының чемпионы болғанын қаламайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол Twitter желісінде «Біз мұндай жолмен жеңімпаз болғымыз келмейді. Тіпті Аньелли бұл атақтан бас тартамын деді. Ол келіседі деп үміттенемін. Біз «Интер» емеспіз», деген бір жанкүйердің жазбасына лайк қойған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Францияның 1-лигасы, мерзімінен бұрын аяқталып, ПСЖ чемпион атанған еді.

Айта кетелік, «Ювентус» Италия чемпионатының 26-турынан кейін «Лациодан» бір ұпайға озып, турнир кестесінің көшін бастап тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер